ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Бүгін Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Бюросының отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 37 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту «Мықты көшбасшылар – Мықты партия» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік берді. Енді жаңа Фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр».
Жалпы, Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 60%-ке жаңарды. Орташа жасы – 47, яғни 4 жылға жасарды.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 24 кандидат – праймериз жеңімпазы, 13 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 27%-ы әйелдер мен 13,5%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.
Негізінен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына кәсіпкерлер, білім саласы, денсаулық саласы, өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері енді. Сонымен бірге 1 көпбалалы ана да ұсынылды.
Кандидаттар тізімі:
- АБДИБАЕВ Жомарт Махамаджанұлы – «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС директорының орынбасары
- АБДРАЗАҚОВА Нұргүл Пердебайқызы – Мақтаарал аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры
- АБИШОВ Нұралы Алмаханұлы – «Бөрте Милка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
- АТАЕВА Насиба Сабыржанқызы – «Яссы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі азық-түлік базасының басшысы
- АШИРОВ Нұржан Сапабекұлы – «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
- АБІШ Дұлатбек Назарбекұлы – «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры
- ӘМІРӘЛИЕВ Әли Орынбасарұлы – «Амиралиев» ЖК төрағасы
- ӘУЕН Кеңес Әуенұлы – «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облыстық филиалының директоры
- БАЛАБИЕВ Қайрат Рахымұлы – Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы
- БЕГАЛИЕВА Шолпан Маратқызы – «Turkistan Bolashaq» гимназиясының директоры
- ЕГАМБЕРДИЕВА Динара Асиловна – «ASYL LTD» ЖШС-ның директоры
- ЕЛШІБАЕВ Ғалымжан Қамытбекұлы – ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы
- ЕСЕЙ Өркен – «Yessey group» ЖШС-нің директоры
- ЖАНТОРЕЕВА Калыйма – «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары
- ЖҰРЫМБЕТОВА Ұлжанат Серікбайқызы – Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасының бас дәрігері
- ҚАПАЛБАЕВ Ғабиден Заманханұлы – «Бердібай» шаруа қожалығының төрағасы
- ҚАРЖАУОВ Талғат Рахматуллаұлы – «РосАзияНефть» ЖШС-нің директоры
- ҚОЖАБАЕВ Хайрулла Байділдәұлы – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы
- ҚУАТБЕКОВА Рабиға Әбдумұсақызы – Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университінің ректоры
- ҚЫРЫҚБАЕВ Темір Базарбайұлы – «Таймас company» құрылыс компаниясының бас директоры
- ЛИМАРЕНКО Марина Анатольевна – «Южный Казахстан» газетінің директор — бас редакторы
- МАМЫРОВ Ойрат Маратұлы – «Эристайл-Казахстан» ЖШС-нің директоры
- МЕЛДЕХАНОВ Өмірзақ Пердебекұлы – Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы
- НАМАЗБАЕВА Инара Әбдіғаппарқызы – «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» Түркістан облыстық филиалының төрайымы
- НҰРМАХАНОВ Ерлан Заипұлы – «ERNUR Корпорациясы» ЖШС-нің президенті
- НЫШАНҚҰЛОВ Бадриддин Икрамжанұлы – «NIK» корпорациясының президенті
- ӨМІРТАЙ Амалбек Дәркенұлы – Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры
- САЛИМОВ Алмас Алтайұлы – «A.S. Investstory» ЖШС-нің кеңесшісі
- СЕЙТЖАНОВ Нұржан Серікжанұлы – «Стандарт Петролеум» ЖШС-нің директоры
- СЕРМАНИЗОВ Бақытжан Қыпшақбайұлы – «Хамит» өндірістік кооперативінің төрағасы
- ТАҒАЕВ Бақтияр Мұратұлы – «Александровский сад» ЖШС директоры
- ТАЖІБАЕВА Гүлбахира Қалмұханқызы – «Шарбұлақ», «Алтын сақа», «Балапан» балабақшаларының сенмігерлік басқарушысы
- ТӘЖІБАЕВ Бейсенбай Дәулетұлы – «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
- ТӨЛЕНДИЕВ Бекасыл Расулұлы – «Азамат-R» ЖШС-нің құрылтайшысы
- ТҰРЫСБЕКОВ Мағауия Сексенбайұлы – «Жаңа Арна құрылыс» ЖШС-нің директоры
- ШЕРІМОВ Роллан Әділетұлы – «Arai Deluxe» ЖШС-нің директоры
- ШОЙБЕКОВ Бекарыс Ақсақалұлы –Түркістан қалалық балалар және жасөспірімдер орталығының директоры
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі