«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде Шымкенттік полицейлер 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Ағымдағы жылдың 12-14 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін» мерекелеу қарсаңында көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды алдын алу және жолын кесу болып табылады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Жедел профилактикалық іс-шарасының тәулік ішінде жалпы 49 қылмыс тіркеліп, оның -38 ашылған, іздеуде жүрген -1, есірткі заттарын сақтау және тасымалдау үшін -1 және атыс қаруын алып жүргені үшін -2 қылмыскер ұсталған.
Сондай-ақ 717 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде:
-ұсақ бұзақылық – 18;
— қоғамдық орындарда мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу – 45;
-мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін – 3;
-қарсы бағытқа шығу – 2;
-қауіпсіздік белбеуін немесе мотошлемдерді қолдану ережелерін сақтамау – 49;
-Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін бұзу – 6.
Сонымен қатар жедел профилактикалық іс-шара барысында полицейлер қабылдап-тарату орындарына -19, ал уақытша уытсыздандыру және интоксикация орталықтарына -38 азаматты жеткізді.
Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі