Түркістан облысында ауруханада видео түсірген хирург жұмыстан қуылды

Түркістан облысында ауруханада видео түсірген хирург жұмыстан қуылды

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Түркістан облысы Келес ауданының Абай атындағы ауруханасының хирургі әлеуметтік желілерде қолдануға жарамсыз медициналық қолғаптар туралы ролик жазып, көп ұзамай жұмысынан айырылды, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қайрат Сейуалиев есімді хирург видеода науқас пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заттардың барлығы киетін кезде жыртылып қалатынын айтқан. Дәрігердің бұл видеоның алдында ауруханаға әкімшілігіне барғаны туралы, бірақ сонда да сапалы қолғап ала алмағаны айтылады.

Басылымның мәліметінше, ролик әлеуметтік желілерде қызу талқыланған соң дәрігердің жұмыстан шыққаны белгілі болды.

33 жастағы хирургтың айтуынша, ол бұл ауруханаға 8 жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. 7 жыл бойы хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. Алайда 2020 жылдың ақпан айында өзгерістер болды. Дәрігердің айтуынша, ауруханаға жаңа басшылық келгеннен кейін мамандардың негізсіз қудалануы басталды.

«Сапасы өте төмен стерильденбеген қолғаптарды көрсеткенім үшін әкімшілік, бас дәрігер, оның орынбасарлары, кадр бөлімінің басшысы, заңгер, аурухана кәсіподағының төрағасы сияқты шамамен 10 адам маған хаттама жасады. Ал кейін үш минуттан соң маған жұмыстан қуылғаным туралы қағазды әкелді. Мен әкімшіліктен жоқ нәрсені сұрағаным жоқ, материалдық көмек сұрағаным жоқ, тек пандемия кезінде бізді қорғай алатын қолғаптар беруін сұрадым. Әділдік қайда?!», — деді Қайрат Сейдуалиев ет Кайрат Сейдуалиев.

Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері хирургты жұмыстан босату үшін бірнеше себеп болғанын айтады. Бұл жалған мәліметтер мен пациенттерден түскен шағым дейді.

«Ауруханада қолғап мөлшерібойынша беріледі және ол оны жақсы біледі. Аға медбикеге жүгінудің орнына видео түсіріп, оны жариялады. 30 маусымда ол екінші видеоны жариялады. Сонымен қатар, Қайрат Сейдуалиев ақпан айында тәртіптік жазаға тартылды — сөгіс алды. 30 наурызда науқасқа үш сағат ішінде ешқандай көмек көрсетпегені үшін оған шағым түсті», — деді Келес аудандық аурухананың бас дәрігері Аида Бексұлтанова.

Басылымның мәліметінше, хирург комиссия шешімімен келіспейді. Енді ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігі жұмыстан заңсыз босатып, жала жапқаны үшін Президентке хат жазбақ.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyinda-auruhanada-video-tusrgen-hirurg-310169/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *