Головкин 29 нокауты бар боксшымен қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Головкин 29 нокауты бар боксшымен қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

© Тұрар Қазанғапов© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды, — деп хабарлады tengrinews  Vesti.kz. ке сілтеме жасап.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя екі боксшы арасындағы кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растады.

Промоутердің айтуынша, жекпе-жек 5 мамырға белгіленіп отыр.

«Головкин — Мунгия жекпе-жегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлығына қызық болатын кездесу. «Синко де Майо. (…)», — деді промоутер.

Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкиннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өткен еді. Головкин 21-ші рет титулдарын қорғап қалған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *