Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
© REUTERS / YVES HERMAN
Қазіргі кезде Гамалеи орталығы жасаған вакцинаны сынақтан өткізу аяқталып келеді. Сондай-ақ, «Вектор» орталығы клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат алуда, деп жазды Sputnik кз .
Ресей ғылым академиясының басшысы Александр Сергеев Ресей мен басқа елдердің тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай егу 2021 жылдан ерте басталмауы керек деп санайды.
«Әрине, жұмылдыру туралы барлық шешімдерге келер болсақ, қауіпті топ пен қызыл аймақта жұмыс істейтін дәрігерлерді қорғау үшін тез әрекет жасау керек. Бірақ жалпы ондаған, жүздеген миллиондаған тұрғын мен вакцинация дозасы туралы айтқанда мұны тез істеу мүмкін емес. Егер біз де, басқа елдер де, тіпті ірі компаниялар жоспарлағандай болса, онда бұл келесі жылдың басы шығар», – дейді Сергеев.
Ол вакцинаны тестілеу көп уақытты қажет ететінін айтады.
«Мен мұнда консервативті позицияны ұстанамын және бұл жерде біз панацеямен ауыратынымызды болжап, аса сақтықпен тұрғындарға жалпы вакцинация жасалғаны жөн. Вакцина жасау – бұл өте ұзақ процесс. Егер жасаған вакцинаңыз пациентті алты ай бойы шынымен қорғайтынын дәлелдегіңіз келсе, оның клиникалық сынағы ұзақ уақыт жүргізілуі керек. Кем дегенде алты ай ішінде сіз вакцинация қоздырған антиденелермен не болатынын байқауыңыз керек», – деді Сергеев.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресейде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін және оған халықтың қызығушылығы жоғары екенін айтқан. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Гамалеи орталығы жасаған вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуда. Ал «Вектор» орталығы клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат алуда.
Айта кетейік, жуырда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирусқа қарсы төрт вакцинаның қауіпсіздігі дәлелденгенін мәлімдеген болатын.
https://sputniknews.kz/world/20200728/14580805/Koronavirus-zhappay-egu-galym.html