ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

 

Шымкент қаласында жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттардан зардап шеккендер дерегі тіркелген жоқ. Мереке күндері қалалық жедел жәрдем станциясында кезекшілікте 100 бригада қызмет етті.

Демалыс күндері 103 нөміріне тәулігіне орта есеппен 1200-1300 қоңырау түсті. Мамандар бұл күндердегі жағдайдың жай күндермен салыстырғанда айырмашылығы жоқ екенін айтады.

Медицина мамандары әлемді жайлаған індетке байланысты босаңсуға болмайтынын ескертеді. Вирустық инфекциядан сақтану жолдарын қатаң ұстауға кеңес береді. Сол себепті жақындарыңызды дерттен қорғау үшін бетперде тағып, әрқашан қоғамдық арақашықтықты сақтап жүрген абзал.

Қосымша сұрақтар үшін 109 нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *