КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

slider

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін құру» жобасы қарқынды жүзеге асуда. Кентау қаласына қарасты 6 ауылдық округте 10 ауылшаруашылық өндіріс кооперативі құрылып, оған 1269 шаруа қожалығы тартылған. Сонымен қатар, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Жаңбырлатып суару әдісі қолға алынған.

Атап айтсақ, «Түркістан Агро» ЖШС 1010 гектар жерге 1,8 млрд. теңгеге инвестиция тартып, 18 дана жаңбырлатып суару қондырғысы алынды. 2020 жылы бір алқаптан 2 өнім алынған. Ал, «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС 620 гектар жерге 980 млн. теңгеге өзінің жеке ивестициясын тартып, 9 қондырғы алынды. Бұл технология біріншіден суармалы су тапшылығын, екінші қол үшін үнемдеуге ықпал етеді. Кентау қаласы бойынша 43500 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланып, бүгінгі таңда 45698 гектар дақылдары егілген.

Кентау қаласына қарасты ауыл округтерінде 2020 жылы бір алқаптан 2-3 өнім алудың ауылдық округтері бойынша іс-шара жоспары бекітілген. Аталған іс-шараға сәйкес, әрбір ауылдық округтен 10-15 жобадан 2-3 өнім алу көзделген. Бұл тапсырма Үш жақты келісімшартта Кентау қаласына берілген 95 жоба. Бүгінгі күнге 1- өнімнен 204 жобаға ұлғайтылып толығымен орындалды. 2- өнім бойынша бүгінгі таңда 193 жоба, 334,7 гектарды құрап отыр.

Бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясы бойынша қазіргі таңда Кентау қаласына қарасты ауылдық округтерде 3- өнім алуға жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 12 га егіс егілді. Қыркүйек айының алғашқы он күндігінде 3- өнім егу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *