БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов Түркістан облысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асыру барысындағы 2020 жылы атқарған жұмыстарымен танысты. Министр Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен БАҚ өңілдерімен бірге Республика бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіптік білім беретін бірден бір мекеме — Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжіндегі» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесімен танысты.
Мекеме мемлекет қамқорлығына алынған жасы 15-тен асқан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар арасынан кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау, еңбек нарығының талаптары мен өндіріс сұраныстарын ескере отырып даярлаудың сапасын ұдайы жетілдіру мақсатында, кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыруда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынудағы стационарлық үлгідегі ұйым.
Жиын соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен сала басшыларды БАҚ өкілдері мен тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 74 955 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Ооның ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 3676 адам Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. 1 085 адам 3 млн.теңгеден басталатын шағын несиемен қамтамасыз етілді. 8 019 адам 550 мың теңгеден мемлекеттік грант алып, кәсібін ашты.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында 1037 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 64,3 мың жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 15,0 мың тұрақты жұмыс орны (85%), 49,3 мыңы уақытша жұмыс орны (76,7%).
3761 адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін ашты. Басым бөлігі, яғни, 7 мыңнан астам азамат мал және құс шаруашылы мен егін шаруашылығын дамытуға кірісті. 2517 азамат халыққа қызмет көрсету саласына бет бұрып, тігін, кондитер цехы, шаштараз, дәріхана, сұлулық салоны, автокөлік жөндеу орталығы, жихаз цехы және басқа салада өз кәсібін дамытуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі