ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 34 МЫҢ АДАМ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛІП, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 34 МЫҢ АДАМ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛІП, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

slider
Түркістан облысында 94,5 мың мүгедектігі бар азаматтар есепте тұр. Бұл көрсеткіш облыс халқының 4,7%, республикадағы мүгедектердің 13,7% құрайды. 2020 жылы барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 4,8 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 48 мың мұқтаж азаматтардың ішінен 34 мың адам техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік қызметтер ұсынылды.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 881,7 мың азаматқа 37,3 млрд.теңге көлемінде (сәуір-маусым аралығында 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд.теңгеге, шілде-тамыз айларында 337,2 мың азаматқа 14,2 млрд теңге) 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленді.

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге жалпы 49,5 мың отбасыға (277 мың адам) 31,9 млрд.теңге қарастырылды. 2020 жылдың 1 желтоқсанына аз қамтамасыз етілген 35 680 отбасыға (199 391 адам) 12,8 млрд. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1-6 жастағы 42 887 бала азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдарын 1,7 млрд. теңгеге алды.

168,9 мың азаматтарға (6-18 жас аралығындағы АӘК алушы балаларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға) 3,7 млрд.теңгеге 5 567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік-тұрмыстық пакеттер берілді.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры арқылы халықтың 7 санаттағы азаматтарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылып 5 транш шеңберінде 38 907 азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде 1 945,2 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Дағдарысқа қарсы шаралар ретінде Түркістан облысына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде 475 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 105,3 млрд.теңге қаралды.

11 айдың ішінде өңірде 475 жоба бойынша жұмыстар басталып, 384 жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаларды іске асыру барысында 12 828 жаңа жұмыс орындары ашылып (48,7%), 10 940 адам (83,1%) халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылған уақытша жұмыс орындарына орналасып, орташа еңбек жалақысы 85 мың теңгені құрады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *