Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды
Азамат «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханалар ұйымдастырған.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады zakon.kz.
Атап айтқанда, жалпыреспубликалық «Стоп-игра» жедел іс-шаралары барысында, «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру дерегімен айналысқан азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен, көрсетілген ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307 бабы 1 бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.
Тәркіленіп алынған айғақты заттар (3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.
Қаржы мониторингі Комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.