ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОСЫМША ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОСЫМША ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР САЛЫНАДЫ

slider

Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданында қосымша 100 төсек-орындық инфекциялық стационар салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ауданға іссапары барысында мәлім болды. Өңір басшысының қолдауымен жүзеге асатын жобаның жер телімі бекітілді.

Өмірзақ Естайұлы Сайрам аудандық орталық ауруханасының індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық барысын бақылады. Медициналық мекеменің 7 бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Емдеу мекемесі 134 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді.

«Індеттің белең алу қаупі барын біле, онымен күресті барлық аудан күшейту керек. Медицина қызметкелері қорғаныш құралдарымен және залалсыздандыру заттары және дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Аудандық ауруханаларда жүріп жатқан күрделі жөндеудің сапасы қатаң бақылауда болсын»,-деді облыс әкімі.

Мұнда 40 орынға есептелген инфекциялық бөлім жасақталды.  Сондай-ақ, «COVID-19» -ға диагностикалық медициналық құрал – жабдықтар толық жинақталған. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарда 28 мобильді топ  құрылып, 4500-ден астам науқасқа емдік шара көрсетілген.

Емдеу мекемесінде ИВЛ аппараттары мен оттегілік концентраторларымен қамтамасыз етілген.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсукент ауылдық округіндегі медициналық бетперделер шығаратын «S Medical» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Таяуда ашылған өндіріс орнында тәулігіне 80 мың, айына 2 млн дана медициналық бетперде шығарылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *