Коронавирус жағдайына мониторинг жасайтын сервис іске қосылды
Коронавирус жағдайына мониторинг жасайтын сервис іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеп отыратын сервисті іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі coronavirus2020.kz ресурсына сілтеме жасап.
Азаматтар www.egov.kz порталында орналастырылған интерактивті картадан вирус жұқтырғандар саны және олармен байланыста болған азаматтарды тіркеу, азамат үйде немесе стационарлық карантинде болуы мүмкін қауіпті аймақтар туралы ақпаратпен таныса алады. Сондай-ақ, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайлары бойынша өзекті ақпарат жарияланады.
Бұл сервис коронавирус індетімен күресіп жатқан өзге елдердің (Қытай, Сингапур, Корея, Израиль) үлгісінде жасалды және халықтың жауапкершілігін арттыруға, гигиена шараларын күшейтуге, карантин режимін сақтауға бағытталған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу үшін азаматтарға қала ішінде жүріп-тұруды шектеуді және карантин кезінде үйде отыруды ұсынады.
Картада орналастырылған барлық деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен нақты уақыт режимінде алынады.
Жақын арада осындай сервистің eGovMobile мобильдік қосымшасында пайда болады. Сондай-ақ, eGov порталында интерактивті картамен бірге коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар базасы орналасқан.
https://www.inform.kz/kz/koronavirus-zhagdayyna-monitoring-zhasaytyn-servis-iske-kosyldy_a3628808