ШЫМКЕНТ: АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
ШЫМКЕНТ: АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда.
Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады.
Бүгінгі күні «StroyGazCompany» ЖШС «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын объектінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
АГРС-3, магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағын ауданы, Достық шағын ауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағын аудандарында барлығы 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады.
АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, тұрғындарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі