ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 9 НЫСАНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 9 НЫСАНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында құрылған 6 мобильді топ сенбі-жексенбі күндері ауданға қарасты тойханалар мен қоғамдық тамақтанатын орындарға тексеру жүргізді.
Рейд кезінде 240 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, оның 9-ында заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Бәйдібек би бойында орналасқан «Шұғыла», «Шымкент-Холл», Қазыбек би көшесіндегі «Мармелад», Бәйтереков көшесіндегі «Centrum», Д.Қонаев даңғылындағы «Bazaar» мейрамханалары карантиндік талаптарға бағынбай, той-томалақ өткізген. Рейд барысында той иелеріне 1шілде күні жарияланған №20 Қаулының талаптары түсіндірілді. Ал кәсіпкерлік нысанға хаттама толтырылып, Әл-Фараби аудандық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.
Жалпы жыл басынан Әл-Фараби ауданында 403 кәсіпкерлік нысанға хаттама түзілді. Оның 11-і жеке кәсіпкер, 5-і заңды тұлға, қалғаны жеке тұлғалар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі