Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Фото:alau.kzФото:alau.kz

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz «Алау».-ға сілтеме жасап.

Сәби 1 қазанда Рудный қалалық көпбейінді ауруханасында дүниеге келген, оны Елжан деп атаған.Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің басшысы Людмила Төлебаеваның айтуынша, оның көп жылдық тәжірибесінде осындай салмақтағы бала алғаш рет дүниеге келген.

Анасының айтуынша, босану асқынусыз өтті.

«Мен ірі бала дүниеге келеді деп күттім, бірақ соншалық үлкен болады деп ойламадым. Басында ұлымның салмағын айтқан кезде сенбедім. Алғашқы балалардың салмағы бес келіге жетпейді, бірінші бала — 3800 грамм, екіншісі — 3890 және үшіншісі — 4670 грамм. Кесарь тілігін жасадық, бәрі жақсы өтті, бүгін бізді үйге шығарады деп үміттенемін», — деді 35 жастағы Динара Ержанова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *