БАСПАНА — БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ

БАСПАНА — БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев 100-ге жуық тұрғынды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың баспана мәселелерінің тиімді шешілу жолдары қарастырылды. Азаматтарға тұрғын үй кезегіне тұрудың тәртібі және кезектегі азаматтардың жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.

«Кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін шешуге барынша жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға арналған үйдің құрылыс жұмыстары жылдан жылға қарқын алып келеді. Мемлекет тарапынан тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау жоспарлануда. Жоспарға сәйкес Шымкентте 8 мыңнан астам отбасыға нақты көмек көрсету жолдарын қарастырудамыз»,- деді Ғалымжан Әмірбекұлы.

Сонымен қатар басқарма басшысы келуші тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы таралып жүрген алаяқтардың жалған құжаттамаларына алданып қалмауға шақырды. Бұл бойынша құқық қорғау органдарына шағымдана алатындығы айтылды. Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы баспаналар Заң аясында кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында тұрғын үй кезегі жақын қалған тұрғындар да бар. Азаматтар тұрғын үй кезегін егов электрондық порталы арқылы кез келген уақытта бақылай алады. Тұрғын үй кезегіне қатысты қызметтер толығымен автоматтандырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *