Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді
Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді
Мерейтойлық сессия БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған.
Сурет : Берік Уәли21 Қыркүйек 2020, 18:17
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның мерейтойлық шарасында сөз сөйлейді, деп хабарлады zakon.kz.
Бұл туралы Facebook-те Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
«Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейне үндеу жасайды.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб сайтынан: http://webtv.un.org көруге болады», делінген жазбада.