Нұр-Сұлтанда ХҚКО-да жүргізуші куәліктері заңсыз берілгені анықталды

Күдіктілер жүргізуші куәліктерін 80-120 мың теңгеге сатқан, 2 мыңнан астам куәлік берілгені анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан бір топ адам ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктерді қолдана отырып, азаматтарды іс жүзінде оқытпай, теориялық және практикалық емтихансыз жүргізуші куәліктерін 80-120 мың теңгеге сатып келген.

«Аз уақыт аралығында 2 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Тінту кезінде 7 мектеп мөрі, 479 бітіру туралы куәлік бланкісі мен адамдардың сауалнамалық деректері толтырылмаған, дәрігерлердің қолы мен мөрі қойылған №086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар табылды», — делінген ресми хабарламада.

Осы орайда агенттік мамандары мұндай куәліктердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзатынын, ал олардың әрекеттері ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін екенін еске салды.

«Істің бас фигурантына қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда», — дейді тергеушілер.

https://sputniknews.kz/society/20200918/14999358/Nur-Sultan-KhKO-zhurgzushi-kualikter.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *