ҚОСТҰРАНЫҢ ҚЫРАҒЫ ҚЫРАНДАРЫ : АРХАР МЕН КЕКІЛІК КӨБЕЙДІ

ҚОСТҰРАНЫҢ ҚЫРАҒЫ ҚЫРАНДАРЫ

Қостұраның қырағы қырандарының арқасында аң-құстың қатары артты. Тіпті талай жылдан бері  көрінбей кеткен Алатаудың боз бүйрек арқарлары да Қаратауға келе бастады. Бұның барлығы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Боралдай филиалы инспекторларының  сүбелі еңбегінің нәтижесі.

Қойнауы түрлі жеміс ағаштары мен аң-құсқа толы Қос тұраның тарихы да бөлек. Әрбір шоқының өзіндік атауы бар. Кешегі ықылым замандардан сыр шертетін  таңбалы тастары тағы бар. Әрбір шоқысы тарих.  Үлкен және ікіші тұра тауы, Байқалмақ, Шаншар, Сары кезең.  Үңгіт,  жайлау болып кете береді.  Боралдай және кіші бөген өзені мен  оның қойнауы  аң-құсқа толы. Атауының өзіндік тарихы бар. Кешегі ел басына күн туған шақта Қалмаққа жау жүрек батырларымыз дәл осы  тұста  тау-тастың ішінде жүріп  тойтарыс берген. Әлі күнге дейін сол маңнан садақ пен адырна ұшы, тоттыққан қылыш сынықтарын кездестіруге болады.

Ал, тұмса табиғаты аң-құсқа қолайлы. Адам аяғы бара бермейтін  Үлкен тұрадағы үңгіттер мен өзен бойлары тұяқты аңдардың қыстап шығуына қолайлы. Арқар мен Елік осы арада көбейіп арысы Алатау мен Қаратау қойнауына тарайды. Доланасы мен жабай алма қысы жазы азық. Шың мен құзды өрлеген кекілігі бір керемет. Қызыл кітапқа енген аң-құстар саны жыл санап артып келеді. Оған қоса ерте көктем мен қара күзде жыл құстары  солтүстіктен оңтүстікке ұшып өтеді. Тау бөктерінде әсіресе қыран құстар мен қырғи, қаршыға сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Бойы тұнып тұрған жеміс ағашына толы Боралдай өзенінің тулаған балығы ерекше. Суреттей берсең жазып жеткізу мүмкін емес.

Міне осы табиғат ана сыйлаған байлықты көздің қарашығындай сақтап болашақ ұрпаққа жеткізу әріріміздің парызымыз екенін ұмытпауымыз керек. Бұл табиғат сақшыларының негізгі ұстанымы.  Алатаудың етегін ала өркештеліп өріліп жатқан қаратау қойнауы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Боралдай филиалынан бастау алады.

Ол ары қарай Теріскейге созылып жатыр. Соқтықпалы соқтақты жолы бар қойнауы қазынаға толы қарт қаратау  Боралдай филалы қызметкерлерінің қырағы бақылауында. Филиал басшысы  Бақытжан  Қырықбаевтың бастамасымен аумақтағы аң-құсты көбейту оларға жағдай жасау мақсатында бірқатар тындырымды тірліктер атқарылды. Тау ішінен аңдарға қысқы азық орындары жасақталды. Қыста ол жерлерге жем-шөп шашылып тұрады.

Орманшылар үйі заман талабына сай салынып, күн сәулесінен қуат алатын жарықпен қамтылған. Инспекторлар арнайы техникалармен қамтылған. Адам жүре алмайтын жерде атпен жүреді. Қорықшылар күнделікті өз аумақтарын аралап, сұғанақтыққа қарсы рейд жүргізеді.  Нәтижесінде заңсыз аң аулушылар  қарасы азайған. Оған қоса күзеттің күшейтілуі аң-құстың тау-тастың арасын еркін мекендеуіне негіз болып отыр.

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Боралдай филиалының басшысы Бақытжан Қырықбаев болашақта аумақты Ұлттық табиғи паркке айналдыру  бағытында тындырымды жұмыс істеп жатыр. Бұл менің басты арманым дейді Орман қорықшысы. Өйткені табиғат ана берген сыйдың мұртын бұзбай болашақ ұрпаққа жеткізу азаматтық борыш.

Оның үстіне қаратау қойнауы аң-құстың тез өсіп жетілуіне қолайлы. Қазақстанның қызыл кітабына енген аң-құстар да осы аймақта кездеседі.

Ұлттық паркке айналса сол жерді мекендейтін аңдар мен құстарды қорғауға ерекше мүмкіндік бар, дейді филиал басшысы.

«Сырдария- Түркістан  мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Боралдай филиалының инспекторлары Жандос Пернебаев пен Орман шебері асан Құдайберген Оспанов Қонай мемлекеттік  инспектор күзгі санақ бойынша өздеріне қарасты аумақта аң-құстың саны артқанын  алға тартып отыр.  Әсіресе күзгі күйік  кезінде  Арқар мен кекіліктің көбейгенін байқаған. Тіпті кейбірін фотоға түсіріп алған. Жалпы алғанда соңғы жылдары  Боралдай аумағында аң-құстың көбейгені анық.

turkistantimes

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *