Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды
Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды
© polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері жезөкшелер қызмет көрсеткен притонды анықтады, – деп хабарлады Polisia.kz.
Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтfды.
«Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды ұстады. Олардың үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, біреуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды», — делінген хабарламада.