Шымкентте заңсыз ойын залын ашқан тұрғын 200 АЕК айыппұл арқалады
Шымкентте заңсыз ойын залын ашқан тұрғын 200 АЕК айыппұл арқалады
Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді.
Сурет : zakon.kz17 Қыркүйек 2020, 14:22
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады zakon.kz.
Заңсыз ойын залдары республикалық «Стоп-игра» жедел-профилактикалық іс-шара аясында анықталды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының екі мөлтекауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметінің жолы кесілді.
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен, қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-б. сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді.