«Жаным ауырады». Айзат Молдағасымова жаңа жұмысына шағымданды

«Жаным ауырады». Айзат Молдағасымова жаңа жұмысына шағымданды

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kz

Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының меңгерушісі, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметінің бұрынғы басшысы Айзат Молдағасымова жаңа жұмысына шағым түсірді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebook-тегі парақшасында бұл қызметке осыдан 3 ай бұрын тағайындалғанын еске салды. Оның айтуынша, орталық ішек, аллергиялық, балалардың жұқпалы, вирустық және паразиттік ауруларын зерттеу, диагностикалау және емдеумен айналысады.

«Өкінішке қарай, мұндай маңызды және қажет нысанға билік құрылымдары тарапынан аз көңіл бөлініп отырғанын мойындауымыз керек. Әсіресе, коронавирус кезінде.

Мен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін (суреттен қарап аларсыз), бітпейтін тексерулер (3 айда 3 рет) туралы айтпай-ақ қояйын. Қызметкерлер туралы ойласам, жаным ауырады. Эпидемиолог ғалымдарымыз соңғы 3 жылда ешқандай жобаға қатыса алмай отыр. Оған қаражат тапшылығы себеп. Тіпті, жалақы төлеудің өзі проблема. Ғалымдарымызда ауруларды, отандық вакциналарды анықтауға арналған тесттер бар. Жұқпалы аурулардың алдын-алу, емдеу және «Интерферон индукторы» иммунитетін көтеру үшін тиімді препарат та жасалды. Бірақ біздің арзан әзірлемелеріміздің ешкімге керек емес, оның орнына қымбат импорттық препараттарды сатып алу қызық сияқты», — дейді Айзат Молдағасымова.

Сондай-ақ, Молдағасымова қызметкері жіберген хатқа тоқталды.

«Біз жұмысқа кірісейік пе, қашанға дейін отырамыз? 2 жыл бойы ақшасыз отырмын.

1 қыркүйекте менің орталықта жұмыс істегеніме 40 жыл болады, жұмысымды жақсы көремін. Менің табысым жоқ. Мен әлі зейнеткер емеспін, 57 жастамын. Зейнетақы аударымы жасалмағанына 2 жыл болды. Мен өте жауапты адаммын. Мұндай жаста мені ешкім жұмысқа алмайды, жұмыс іздеген жоқпын. Мен «бізді қашан жұмысқа шақырады» екен деп әлі күтіп отырмын. Анам инсульт алып, сал болып қалды. Оның ауырғанына 6 ай болды. Мен анама қарап жүрмін. Дәрі-дәрмектердің бәрі қымбат, сатып алуға мүмкіндік жоқ. Мені дұрыс түсінуіңізді сұраймын. Маған жұмыс керек», — делінген хатта.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/janyim-auyiradyi-ayzat-moldagasyimova-jana-jumyisyina-312665/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *