Бір ауыл әкімдігі айдалаға қоқыс жәшіктерін қаздай тізіп, жұрттың күлкісіне қалды
Бір ауыл әкімдігі айдалаға қоқыс жәшіктерін қаздай тізіп, жұрттың күлкісіне қалды
Сөйтсе бұл бюджеттен ақша шығарылып, арнайы жүзеге асырылып жатқан жоба болып шықты.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Қызылбастау ауылының шығаберіс жол жиегінде гүл немесе ағаш емес, қоқыс жәшіктері қаптап тұр. Ал оны пайдаланады дейтіндей айналада ешбір үй, тіпті тірі жан жоқ. Сонда бұлар не үшін тұр деген заңды сауалға әкімдік өкілдері бұрынғы командаға сілтеме жасап, тұщымды жауап бере алмады, деп хабарлады zakon.kz.
— Төртеу, бесеу.
— Айдала ғой, ел жоқ жерде, иә?
— Адам жүрмейтін жерде… адам бар жерде таппай жатыр мұндайды, иә?
— Алтау, жетеу.
— Ауылдың ішіне қою керек қой, дұрыс па?
«Тұрғындардың айтуынша, мұнша жәшік ауылдың ішінде де жоқ. Ал айдаладағы жолда әр 20-30 метр сайын қаздай тізіліп тұр. Жергілікті шенеуніктер мұны өзінше түсіндіруге тырысты. Олардың айтуларынша, келешекте қоқыс жәшіктерінің маңынан жаңа үйлер салынады. Сол жаңа ауданның инфрақұрылымын қоқыс жәшігінен бастауды шешіпті. Сөйтіп әрқайсына 10 мыңнан бөліп, жаяу адам жүрмейтін дерге 40 шақтысын орнатқан екен. Аудандық атқамінерлер бұл жобаға «бұрынғы басшылық ұялсын» деп отыр», деп хабарлайды КТК телеарнасы.
— Жобаның жұмысын сол кездегі басшылық атқарған. 2019 жылы күрделі жұмыстар жүргізілген. Сол уақытта орнатылған жәшіктер. Енді бізге берілді. Жобаны ауыстыра алмаймыз, оны сатып алынған уақытында осылай қаралған ғой.
https://kaz.zakon.kz/5041372-b-r-auyl-k-md-g-aydala-a-o-ys-zh-sh.html