ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТША МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТША МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

slider

Түркістандық кәсіпкер Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда онда 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіп иесі өнімге деген сұраныстың жоғары екенін, алдағы уақытта цехтың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Мұнда жұмыскерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қызметкерлер мекеменің есебінен екі мезгіл тамақтанады. Сондай-ақ, жұмысшыларды тасымалдайтын арнайы көлікпен қамтамасыз етілген. Айта кетейін, мұнда жұмыс істейтін азаматшалардың басым бөлігі І,ІІ,ІІІ топ мүгедектері. Одан бөлек, олардың қатарында есту қабілетінен айрылған жандар да бар. Жалпы цехта төсек орын тысын, ерлердің костюм-шалбарын, салаға байланысты арнайы киімдер дайындалады», –  «Көне құмыра» ЖШС басшысы.

Айта кетейік, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп келе жатқан «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 2009 жылы құрылған. Аталған орталық негізінен облыс кәсіпкерлеріне несие және қаржылық лизинг беру арқылы қаржыландыру жұмыстарын жүргізеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *