Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты 

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Құжат сенатқа жіберіледі

. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Біріккен Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жүрген қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның алты азаматы жазасын өтеп жүр. Олардың ішінде бесеуі бір қылмыстық іс бойынша ұсталды. Қарақшылық пен абайсызда адам өлтіргені үшін сотталды. Олар 15 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді Дембаев мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, тағы бір қазақстандық өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.

«Ол әйел, шамамен, 5 келі есірткі мен психотроптық заттар сатқаны үшін сотталды. Егер депутаттар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификацияласа, онда ол адамдар Қазақстанға өтініш жаза алады. Одан кейін бас прокурор сотқа ұсыныс жасап, жазаны растап беруді сұрайды. Сосын Араб Әмірліктері келісім берсе, оларды Қазақстанға қайтаруға болады. Жазасын осы жерде өтей алады», — деп атап көрсетті Дембаев.

Бүгінгі отырыста мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Енді, осы құжат сенатқа жіберіледі.

https://sputniknews.kz/society/20200902/14863146/shetel-turme-qazaqstandyq.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *