Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған
Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Үш ай ішінде жасөспірім қыз бопсалаушыға миллион теңге аударған. Ұсталған әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, одан ақша талап еткен. Оқиға туралы «Астана» телеарнасы хабарлады деп жазды. Sputnik кз.
Жасөспірім көпшілік алдында ұятқа қалудан қорқып, әйелге талап етілген барлық соманы берген. Осылайша, үш ай ішінде бопсалаушы жәбірленушіден миллион теңге алыпты. Алайда содан кейін қыз әкесіне бәрін айтып берген.
Ер адам полицияға арызданды, күдікті 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды.
Күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол әшкерелейтін материалдарды қайдан тапқанын полиция жария етпеді.
Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған жас келіншек Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шыққан. Айғақ зат ретінде одан ақша мен видео алынды.
Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputniknews.kz/regions/20200827/14807178/video-bopsalau-politsiya-aryz.html