Қордай асуын айналып өтетін жаңа жол ашылды

Жамбыл облысында Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы бөлігі қолданысқа берілді, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарнаның мәліметінше, тасжол бірнеше елді мекен мен Қордай асуын айналып өтед
80 шақырымдық автомагистральдің биыл екінші кезеңі аяқталды. Оның тең жартысы өткен жылы пайдалануға берілген еді. Бірақ қалған 40 шақырымының құрылысы бітпегендіктен, көліктер ескі жолмен қатынап келді. Бұл әсіресе транзит көліктерге қиындық туғызатын.

«Елді мекендердің ішімен жүру көп уақыт ұстайды. Жаяу жүргіншілер бар. Жылдамдықты 40-тан асыра алмайсың. Әсіресе, қыс мезгілінде қауіпті. 22 тоннаға дейін жүк артылған көлікпен асудың ішімен жүру аса қиын. Талай жантүршігерлік апаттарды көзбен көрдік», — дейді көлік жүргізушісі Дмитрий Лещенко (Украина).

Қордай аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Оңалбаевтың айтуынша, Қордай ауданына бұл жақсы жаңалық болып отыр.

«Көліктердің жол жабындысын талқандауына байланысты жылда жөнделетін. Қазір Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі ашылып, қуанып отырмыз. Қордай ауданына бұл жақсы жаңалық болып отыр», — дейді Оңалбаев. Биыл күре жолдың жалғасы ретінде «Отар-Ұзынағаш» бағытындағы 16 шақырымдық жолдың құрылысы басталды. Телеарнадағылардың мәліметінше, жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарда бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *