ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді.

 

Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

 

Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісітіркелді. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-сі – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *