ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Возможно, это изображение (3 человека, люди сидят и люди стоят)

Бүгінгі кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыз күнгі Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылап, тұрғындарға насихаттау.
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Д.Сариев, «Түркістан облысындағы Азаматтық Альянсы» Заңды Тұлғалар Қауымдастығы нысанындағы бірлестігінің президенті, Түркістан облысы мәслихатының депутаты​ И.Намазбаева, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Сәрсенбаев, облыстық ақпараттық талдау орталығының директоры С.Айкөзов және облыстық «Медина» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Даулеталина баяндама жасап, Жолдаудағы ​ бағыттарға тоқталды.
Сондай-ақ, жиын барысында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында айқындалған негізгі бағыттар түсіндірілді.
Қорытындылай келе, алдағы қойылған мақсаттар мен жасалатын жұмысты билікке артып қоймай, қоғам болып, Біз бен Сіз болып, Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *