Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Маусымда қамауға алынған Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Астана» арнасы мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы Асхат Жұмағали сілтеме жасап хабарлады деп жазды kaz.tengrinews.kz
Тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша мердігермен келісім жасап, оған қолдануға жарамсыз топографиялық карта үшін барлық ақшаны аударған.
«Бұл жалпы алғанда, мегаполис құрылысына қажет жер асты және жер үсті құрылыстардың картасы. Оның стратегиялық маңызы бар. Картаны жоспардағыдай жасаудың орнына оған бөлінген ақша ұрланған. Қазір карта қолданылмайды», — деді Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы.
https://kaz.tengrinews.kz/crime/shyimkenttn-buryingyi-bas-sauletshs-jartyi-milliard-tenge-311979/