ЖАЗИРА ЖАППАРҚҰЛ: «АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛМАЙ ТҰРМЫСҚА ДА ШЫҚПАЙМЫН»

Ауыр атлетикадан қазақ қыздары ара­сынан тұң­ғыш әлем чем­пи­она­ты­ның және Олим­пия ойында­ры­ның күміс жүл­дегері Жа­зира Жап­пар­құл Рио­да­ғы ғаламат же­ңісінен кейін «Күт мені, Токио. Мен са­ған тек алтын үшін ба­ра­мын» деп жіберді. «Ал­тын медаль алмай тұр­мыс­қа да шықпаймын»,-Жазира Жаппарқұл.

Алдымен Жазира.Тойған қозыдай томпиып жүретін қы­зымыз екі дүркін әлем чем­пи­онатының күміс жүлдегері. Рио де Жанейродағы олимпия ойындарына Жазираның жолын Астанадағы әлем чемпионатында орап кеткен корей қызы Ре Ын Хи қатыспайды. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында ол ресейлік Ольга Апанасьева екеуі допинг дауына іліккен.  Екеуі де осал емес. Бірақ, Оль­га олимпиадаға келгісі келсе де қатыса алмас еді. «Барғыз ­ба­сың барғызбас» дегендей, допинг шырғалаңы Ресей құра­ма­сын Риодағы ірі додадан мүлде алып тастаған. Бірақ, бұл екеуі Жазираның «Абылай аспас сары белі» емес еді. Олимпия ойындарының жеңімпазы қы­тай­лық Сян Яньмен әлем чемпионатында екі дүркін алтыннан олжа салған қыз. Ол Хьюстанда өткен әлем чемпионатында қос сайыс қорытындысы бойынша 263 кило көтеріп Жазирадан бақандай жеті килоға алға кетті. Біздің қыз бағындырған меже – 256 кило. Бірақ, бұл жерде бір ескеретін жағдай, Жазира чемпионатқа қол жарақатымен барған. Осының барлығын есепке алатын болсақ, біздің томпақ қызымыздың қолында алтын медаль тұрғандай көрінеді. Әйтеуір, алла жар болып, қыдырәлейкүмсалам шылауында болсын деп тіледік.

Алда – Токио олимпиадасы. Токиоға екі ғана ауыр атлет­тің баратындығы жөнінде шешім шығарылды. Мінбердегі жекпе-жекте еш­кімге жеңіліп көрмеген Илья Ильин үлкен спортқа қай­та оралмақ. Қандай сынға түс­се де түсін, түрін бермейтін, қор­ғасындай мығым Зульфия Чин­шан­ло да әзір тұр. Олимпия ойын­дарының жеңімпазы Нижат Рахимов та жолын еш­кім­­ге кескізбейді. Солардың қа­та­рында қарқарадай болып Жазира қыз да тұр.

 

Ескерту: мәліметтер  https://egemen.kz / ақпараттық сайтынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *