Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады
Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», — деп жазды Берік Уәли Facebook желінсіндегі парақшасында.
Америко Эдельсио — Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы
Ганем Халед Ас-Саид — Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы
Кибар Зафер — жазушы, Түркия Республикасы
Кошут Леонард — әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы
Манн Джейн — Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Мәжит Ақбар — жазушы, Қытай Халық Республикасы
Пряхин Георгий Владимирович — Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы
Пуиг Мария Санчес — Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі
Хачатрян Шушан — Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы
Хуанчжан Ха — аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы
Шатқам Қажымұхамет — жазушы, Иран Ислам Республикасы.