Өзбекстан билігі коронавирус пандемиясына қарсы вакцина алу мүмкіндіктерін қарастырды
Елдегі коронавирустық пандемиямен күреске қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды
Соңғы аптада ел ішінде 5 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, жалпы аурулар саны 27 мыңға жуықтады. Мұндағы жағдайдың тағы бір нашар тұсы, корановируспен қатар ауыр пневмония жағдайлары да көбейуде. Осы жағдайды ескере отырып, мемлекетте қосымша шаралар қабылдануда. Атап айтар болсақ, соңғы 20 күнде коронавирусты емдеу орындарының саны 3,5 есеге артып, 65 мыңға жетті. Бұдан бөлек қосымша 800 жедел жәрдем көліктері мен 4 мың дана тыныс алу аппараттары (ОСВ, портативті желдеткіш, оттегі концентраторы) әкелініп, олардың саны 6,5 мыңға жеткізілді.
-Халық арасында вирус таралуының алдын алу және науқастарды емдеу бойынша жүйелі жұмысты жәнеде күшейтілген түрде жалғастыруымыз керек, — деді Мемлекет басшысы.
Жиында Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдер мен сектор басшылары коронавирус пен пневмонияны емдеуге қатысты түрлі жағдайға толық дайын болуы, әр бір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілуі мен қатар олардың жағдайына қарай ауруханаға жатқызу және емделуіне бөлек жауапты екендігі айтылды.
Аурудың алдын-алуға, коронавирусқа қатысты күдікті азаматтарды ауруханаларға жеткізу, карантин талаптарын түсіндіру және осы процесте қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда жергілікті билік органдарының қатысуын күрт күшейту қажеттігі нақтыланды.
Осы жағдайға орай Мемлекет басшысы ауылды орта жағдайына тоқталып, ондағы махалла басшыларына жағдайды сырттай күзетпей өз аумағындағы азаматтардың жағдайынан дұрыс хабарлы болу керектігін айтып, жергілікті аймақтарда ауыл ақсақалдарынан бөлек басқа ешкім олардай халықтың мұң-мұқтажын жақсы білмейтінін ескертті.
Сол үшін әр аудандағы әкімдер мен сектор басшылары әр бір махалла жетекшісі, профилактика инспекторлары мен басқа қызметкерлерді, қоғам белсенділері мен кеңесшілерді, қоғамдық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерін біріктіріп, өз аумағындағы тұрғындар жағдайынан, әсіресе қарт кісілер ахуалынан күнделікті хабар алып, індетке қатысты күдікті болғандарды жедел медициналық қызмет көрсету және дәрігерлермен қарым-қатынаста ақылдасып ұйымдастыру керектігі міндеттелді.