Өзбекстанда той жиындары карантиннен кейін де 30 адамнан тұратын тәртіпте өткізу ұсынылды
Өзбекстанда той жиындары карантиннен кейін де 30 адамнан тұратын тәртіпте өткізу ұсынылды
Ондағы пікір иесінің айтуынша көпшілік карантин кезінде той жиындарын өткізуге арналған 30 адамға лайықты норманың карантиннен кейін де сақталуын қалайды деген.
Сол себепті, «Олий Мажлис» Заңнамалық палата Кеңесі және Сенат Кеңесінің «Той жиындары мен отбасылық шаралар және қазаға байланысты рәсімдер жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» бірлескен жарлығында белгіленген тәртіп бойынша той жиындарына 200-ден астам қонақты шақырмау ережесін 30 кісіге дейін қонақ шақыру тәртібі ұсынылған.
Өйткені қазіргі кезде той жасау қамына кіріскен көпшілік осы күндері тез арада тойды өткізіп алуға асығып жүргені сыр емес. Тіптті жастардың өзі де мұны мақұл көрген. Артық ысырапкершілікті жою мен түрлі келеңсіздік жағдайы туындамай той жиындарын өткізу қазір көпшіліктің көңілінен шығуда. Себебі осы тойға аталған ақшаға жастарды үйлі-жайлы етуге сарыпталса немесе оларды материалдық жағынан қамтыса яки болмаса олардың білім алуына мүмкіндік берілсе нұр үстіне нұр болушы еді. Көпшілік жанұя материалдық жағынан қиындық көргенінің арқасында той жасауға мұршасы келмей отыр. Сондықтан 30 кісілік тойды тұрақты ету уақыты келді, деп жазад пікір иесі.