Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

Шымкент қаласында коронавирустан 3 357 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Тимирхан Варзиловтың айтуынша, кеше қалада 43 науқас қауіпті дерттен айыққан.

«5 тамыздағы эпидахуал бойынша — 5025 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 572 симптомдық, 2 453 симптомсыз. Өткен тәулікте қауіпті вирусты 14 адам жұқтырған. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3 357 болып отыр. 1 629 науқас емделуде, оның ішінде 94-і стационарда ем қабылдауда» — деді Т. Варзилов.

Спикер сонымен қатар ыл басынан бері 5 тамызға дейін пневмонияның 14 312 жағдайы тіркеліп, 10 962 науқас емделіп шыққанын айтады.

«Провизорлық және инфекциялық стационарлар бойынша айтар болсақ, бүгінде қалада 2 810 төсек-орын бар (инфекциялық төсек — 650, провизорлық төсек – 2 160). Оның ішінде бос төсек-орын саны 2 087. 211 мобильді топ ұйымдастырылып, олар 17 820 науқастың үйіне барып медициналық қызмет көрсеткен.

Әр емханаға қосымша бір топтан жедел жәрдем көлігі жеткізілген. 53 182 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, тегін берілетін дәрілік заттарды медицина қызметкерлері үйлеріне жеткізіп берген. Қазіргі уақытта дәрігерлер 1430 платформасы арқылы онлайн кеңес беріп, онда 720 дәрігер тіркелген»,- деді Тимирхан Варзилов.

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-koronavirustan-3-3-myn-naukas-emdelip-shykty_a3680134

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *