Халықаралық оқу орнына жаңа ректор тағайындалды

Халықаралық оқу орнына жаңа ректор тағайындалды

Silkway Халықаралық университетінің ректоры болып
ЕДИЛХАНОВ АРТУР ЖАУХАНҰЛЫ тағайындалды

 

1972 жылы 18 желтоқсанда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Мамандығы – «Тарих, қоғамтану және құқық негіздері мұғалімі», «Заңгер».
Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл. Оның ішінде – 17 жыл білім беру ұйымдарында және мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқарған.
1989 – 1994 жылдары Атырау педагогикалық институтында жоғары білім алып, үздік дипломмен аяқтаған.
1994 — 1998 жылдар аралығында қатардағы мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болған.
1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, Ақтау қалалық білім бөлімінің әдіскері, Маңғыстау облысының білім департаменті директорының орынбасары, облыс әкімшілігінің басқарма бастығы, аудандық білім бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
Өз міндеттерін табысты атқара білуінің нәтижесінде, жергілікті кадрларды орталыққа ауыстыру тәртібімен 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қызмет ауыстырған. Атап айтқанда,
 Білім беру қызметін лицензиялау басқармасының басшысы,
 Министрліктің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары,
 Атырау, Ақмола облыстары бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің директоры,
 Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің жоғары оқу орындарын бақылау басқармасының басшысы болған.
Еңбек жолында бірқатар жоғары оқу орындарында әкімшілік лауазымдарын атқарған: Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті ректорының заң мәселелері бойынша кеңесшісі, құқық пәндерінің оқытушысы, Атырау мұнай және газ университетінің басқарма аппаратының жетекшісі, ректордың академиялық сұрақтар бойынша кеңесшісі болған.
Мемлекеттік қызметте қол жеткізген табыстары үшін Министрдің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Әскери міндетті, запастағы подполковник шені бар.

Қосымша мәлімет:
Рахат.87072909598

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *