Медицина саласына жаңа технологиялар дендеп еніп келеді  

Жаңа ақпараттық технологияға ілесу – заман талабы. Бұл біздің өміріміздің айнымас бір бөлшегіне айналды.

Түркістан облысында  «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өңірдің белсенді пайдаланушыларының 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты есепке тұру және 23138 рет 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын тіркеу сынды қызметтер пайдаланылған.

Облысымыздағы 49 емханада денсаулық сақтау саласында көп қолданылатын дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу сынды қызметтерге қол жеткізе алатын медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Түркістан облысы бойынша қағазсыз технология 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап іске қосылды. Облыс бойынша медициналық құжаттаманы қағазсыз негізде жүргізу 32 пайызды құрап отыр. Жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласы бойынша 100 пайыз техникамен қамтамасыз етіп, толығымен қағазсыз құжат айналымына өту жоспарланған. Сондай-ақ, мобильді қосымшасымен тұрғындардың 30 пайызын қамту көзделіп отыр. Түркістан  облысында қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілуі 63 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жететін болады.  Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігіне баса назар аударған болатын. Осыған орай облыста денсаулық сақтау саласында жаңа технологиялардың заманауи нарығын ұсыну аясында «Даму» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізілуде. «Науқастар үшін өздерінің жеке парақшалары арқылы қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру, SOS батырмасы ғаламтор арқылы қол жетімді болып отыр. Өңірде медициналық ұйымдарының 78 пайызы компьютерлік техникасымен жабдықталған. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен толықтай 100 пайыз қамтамасыз ету үшін 7500-ден астам компьютерлік техниканы  сатып алу үшін бюджеттен қаржы бөлінді.

«Цифрландыру бағдарламасы 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды. Бағдарлама азаматтардың дәрігерге жазылу мен дәрігерді үйге шақырудан бастап бүкіл профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді толық қамтиды». Ағымдағы жылдың І-тоқсанының соңына қарай уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын, сондай-ақ туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарға қатысты анықтамаларды Электронды үкімет порталы арқылы беру жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *