Шымкенттік полицейлер телефон ұрлаумен айналысқан азаматшаны ұстады
Ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ – нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, қаладағы базарлардың бірінде киімінің қалтасынан ұялы телефоны қолды болғанын мәлімдеген.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің біріыңғай тізіліміне ҚР ҚК – нің «ұрлық» бабымен тіркелді.
Абай ПБ қызметкерлері жүргізген жедел – іздестіру іс – шаралары кезінде 34 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып ұсталды.
Тергеп – тексеру жұмыстары барысында ұсталған азаматшаның телефон ұрлығының тағы да 2 жайтына қатысы бары анықталды. Ол өз қылмысын қаладағы базарлардың бірінде іске асырған.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкенттік полицейлер, адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, базарларда, ойын- сауық орталықтарында, сондай- ақ қоғамдық көліктерде болған сәттерде өз заттарына өте мұқияттылықпен қарауды, сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.
Егерде Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз жедел түрде полицияның «102» сымтетігіне хабарлаңыз!
Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы