Түркістанда «Turkistan bike» станциялары қайта іске қосылды
Түркістанда «Turkistan bike» станциялары қайта іске қосылды
Түркістан қаласының бес бөлігіне орнатылған «Turkistan bike» станциялары қайта іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, келбеті көркейген көне шаһарды таза ауада серуендеп жүріп көремін деген тұрғындар мен қонақтар карта немесе ID-кодты алуына болады. Әмір Темір көшесі бойындағы полиция пунктіндегі мекенжай бойынша бөлімшеден сатылатын карталардың айлық абонемент құны 500 теңгені құрайды. Мәселен, жарты сағат серуендеу тегін. Ал, 31-60 минут дейін — 100 теңге және 61-120 минут (2 сағатқа дейін) — 250 теңге тұрады. 121-180 минут (3 сағатқа дейін) — 500 теңге болса, 181 минуттан бастап әр келесі пайдалану сағаты — 1000 теңгені құрайды. Жалдау ақысы таусылған тұрғындар тез арада арнайы маманмен хабарласып, ақысын төлеуіне немесе толтырып алуына болады. Жалпы, қала бойынша бес тұрақта 80 тіркеу орны мен 40 велосипед қойылған. Велобекеттер мен сату бөлімі тамыз айынан бастап іске қосылған.
https://www.inform.kz/kz/turkistanda-turkistan-bike-stanciyalary-kayta-iske-kosyldy_a3679694