ШЫМКЕНТТЕ 1 СӘУІРДЕН БАСТАП ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Ауа температурасының жылуына байланысты қала әкімінің өкімімен 1 сәуірден бастап Шымкент қаласында жылыту маусымы тоқтатылады.

Бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты сыртқы ауаның орташа температурасы 8°С және одан жоғары болған кезде жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданады.

Жылыту маусымында апаттық жағдайлар мен техникалық кемшіліктер орын алған жоқ.

Айта кетейік, қаладағы 1903 көпқабатты тұрғын үй мен 110 денсаулық сақтау, 249 білім беру нысандары орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *