Түркістан облысы-жағымды жаңалықтар жаршысы!

Соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының атауы өзгеріп, облыс Түркістан қаласына көшірілгеніне біршама уақыт болғанына қарамастан облыста бірқатар экономикалық өсулер болып жатыр. Сәйкесінше жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласының өзінде көптеген келелі іс қолға алынып, жұмыстары жандана түсті.
Айталық, таяуда Түркістанда Мegacity ойын-сауық кешені ашылады. Түркістанда «Гранд микс» жиһаз фабрикасы 170 млн теңгенің өнімін өндіруде және Түркістандағы индустриалды аймақта ораналасқан жиһаз жасайтын фабрикадан басқа өзге де өндіріс ошақта­рының жұмысы қарқынды дамып жатыр деп талай жағымды жаңалықтарды тізіп жалғас­тыра беруге болады деп хабарлайды «aikyn.kz» ақпараттық сайты.

Облыстың қарқынды даму барысында Түркістан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев алдымен, ірі және шағын зауыттар мен басқа да түрлі өндіріс орындары орын тепкен «Түркістан ин­дустриалды аймағындағы» «Гранд микс» жиһаз фабрикасына атбасын бұрған болатын. Қазақстанның көптеген аймағын жиһазбен қам­тамасыз етіп отырған жобаның жалпы құны – 364 млн теңге. 120 адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс оша­ғының жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайды. Аталған жоба жылына 150-170 млн теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алы­нады. Нысанның жұмысымен танысқан облыс басшысы алдағы уақытта өнім көлемін еселей түсуді тапсырды. Одан кейін Жансейіт Қансейітұлы құрылысы қарқынды салынып жатқан Megacity ойын-сауық кешенінің жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік нысанның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамед­жановтың айтуынша, кешенде алып супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр орналаспақ. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту ретінде нысан биылғы желтоқсан айында есігін ашатын болады. «Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. Бес қабатты кешеннің әр қабатында түрлі бөлімдер орналасады» деді Азамат Мамеджанов.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *