ӨҢІРІМІЗДЕГІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

Түркістан облысының жоғары оқу орындарында білім алатын 7200-ден астам студент-жастар тұратын 26 жатақхана бар. Соңғы екі жылда облыста екі мемлекеттік жоғары оқу орнында 1000 орындық жатақхана соғылып, пайдалануға берілді. Ал ағымдағы жылдың ІІ жарты жылдығында студенттерге арналған тағы екі жатақханның құрылыс жұмыстары басталды.

Облыстағы жастардың саны 750 мың шамасында, яғни, облыс халқының жалпы санының 26 пайызын жастар құрайды. Сондықтан да жастарды жұмыспен қамту жергілікті биліктің басты назарында. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 905 жас маман, «Жастар практикасы» бойынша 5204 жас жұмысқа орналасты. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген 15 мыңнан астам мемлекеттік гранттың 50 пайызы немесе 7587-сі Түркістан жастарына тиесілі. Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланушы жастардың саны да күннен күнге артып, 2015 жылмен салыстырғанда 53,1 пайызға артқан.

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы 2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 80 маман баспаналы болып, 315 жас маман жұмысқа орналастырылған. Ал орташа жалақысы  56 725 теңгені құрайды. «Жастар практикасымен» 1120 жұмыс беруші мекемеге 3005 жас жолданған. Және «Серпін» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 5627 жас білім гранттарын жеңіп алған.

диаграмма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *