Түркістан облысында 15 тұрғын той жасаған
Түркістан облысында 15 тұрғын той жасаған
Түркістан облысында карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың, кәсіпкерлердің карантин режимін бұзуын анықтау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру өткізіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік шаралар барысында карантиндік талаптарды сақтамаудың 472 оқиға тіркелген.
Атап айтқанда, 15 тұрғын үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Арыс ауданында полицейлер бір күн ішінде жергілікті тұрғындардың отбасылық және үйлену тойларын ұйымдастыруының 3 фактісін анықтады. «Монтайтас кентінің тұрғыны өз үйінде «қыз ұзату» іс-шарасын өткізсе, тағы екі тұрғын «беташар» ұйымдастырған. Барлық анықталған жайттар бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Арыс қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілген» делінген хабарламада.
https://www.inform.kz/kz/reyd-turkistan-oblysynda-15-turgyn-toy-zhasagan_a3677453