«Қайда 42 мыңы?..». Өскемен әкімдігі алдында сатушылар ылаң шығарды
«Қайда 42 мыңы?..». Өскемен әкімдігі алдында сатушылар ылаң шығарды
Төленбеген несие, балалардың тамағы және күнкөріс қамы олардың өктем-өктем сөйлеуге мәжбүр етті.
Өскеменнің дүкендері мен базарларының сатушылары әкімдіктен жұмыс шығуға рұқсат беруді талап етті, деп хабарлады zakon.kz.
ATAMEKEN BUSINESS атап өткендей, шектеулердің енгізілуіне байланысты бір айға жуық мәжбүрлі түрде үйде болған адамдар қиыншылыққа тап болған.
Сатушы Әлия Сембаева 42 500 теңгені алу үшін 3 рет өтініш жолдағанын, бірақ үш ретінде де оның өтініші қанағаттандырылмағанын айтады.
— Мен жалғызбасты анамын. Үйде отырсам, баламды қалай бағуым керек, не жейміз сонда? — деп сұрайды ол.
Осы секілді проблема көп, бірақ шенеуніктердің айтатыны бір, олар «базарларды жабу керек» деген қолындағы қағазды көрсетеді.
Өскемендегі көптеген сауда үйлері мен азық-түлік дүкендері қағаз жүзінде жабық базар ретінде тіркелген. Сондықтан әр жаңа шектеулер енгізілген сайын олар қайта-қайта жабылуға мәжбүр.
Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Хасан Тұрғанбаев санитарлық нормалардың сақталуын бақылау кезінде әкімдік өкілдері заңды құжаттарға назар аударатынын түсіндірді.
— Егер құжатта бұл нысан жабық базар емес екендігі нақты көрсетілсе, онда олар тыйымға жатпайды, — деп қосты ол.
Әкімдік сатушылардың барлық өтініштерін қарап, бір жауабын беруге уәде етті.