500 мың теңге пара алып жатқан жерінен полиция майоры ұсталды
500 мың теңге пара алып жатқан жерінен полиция майоры ұсталды
Асқар Серіков полицияда 14 жыл қызмет еткенін де айта кету керек.
Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнайы жеке взвод командирі, полиция майоры пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады zakon.kz.
«УН» редакциясына осыған байланысты БҚО полиция департаментінің арнайы хабарламасы келіп түскен.
39 жастағы полиция майоры Асқар Серіковті ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері 23 шілдеде Орал-Саратов тас жолының үшінші шақырымындағы Зачаганск ауылы маңында ұстады. Ол өзінің Hyundai Sonata автокөлігі ішінде 500 000 теңге ақша алып жатқан.
Дәурен Жұмашев ақшаны Асқар Серіковке берген. 31 жастағы ер адам — «ТазМегаСтрой» ЖШС директоры болып жұмыс істейтін Атырау қаласының тұрғыны.
Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу кезінде белгілі болғандай, Асқар Серіков пен Дәурен Жұмашев арасындағы ақша алу туралы келісім шілденің басында болған. «ТазМегаСтрой» ЖШС директорынан полиция майоры Өзбекстанның бес азаматын «тиіспеуі» үшін 500 000 теңге талап еткен. Жұмашев оларды өзінің ЖШС-ға жұмысқа заңсыз жекпек болған. Жарты айдан кейін Жұмашев ҚР ҰҚК департаментіне арыз жазады. Сол күні кешке полиция майоры Асқар Серіков ұсталды. Аталған факт сотқа дейінгі іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, «Пара алу» бойынша 23 шілдеде тіркелді.
Айта кетейік, қамауға алынған кезде Серіков БҚО ПД бұйрығына сәйкес, 13 шілдеден 21 тамызға дейінгі тұрақты еңбек демалысында болған. Асқар Серіков полицияда 14 жыл қызмет еткенін де айта кету керек. Соңғы екі жыл ішінде ол заңсыз көші-қонмен күресу үшін арнайы жеке взводтың взвод командирі қызметін атқарды.