Қазақстандық боксшы салмағы әлдеқайда ауыр қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы салмағы әлдеқайда ауыр қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы салмағы әлдеқайда ауыр қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Алты раундық бәсекеде Нұрсұлтанға босниялық Дражан Яньянин (20-30, 17 КО) қарсы тұрды.

Д.Яньяниннің салмағы 129 кг болса, 27 жастағы Н.Аманжолов небәрі 111 келі еді. 31 жастағы босниялық боксшының тәжірибесі де молырақ еді, бұған дейін ол 50 кездесу өткізіп үлгерген-ді. Дегенмен төртбақ денелі Дражанға қарағанда, Нұрсұлтанның бойы да, қолы да ұзын еді. Сол артықшылықтарын сәтті пайдаланып, қарсыласының алдын орап кетіп отырды. Ақыры екінші раундтан кейін босниялық спортшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Н.Аманжолов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

 

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-boksshy-salmagy-aldekayda-auyr-karsylasyn-tehnikalyk-nokautpen-zhendi_a3676831

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *