Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Фото: Facebook.comФото: Facebook.com

Paul (Сардар) Babcock есімді америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі

Paul Babcock-ті кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырып алыпты. Бұл туралы ол Facebook-тегі Kazakh American Assosiation тобында жазды.

«Мен топқа жаңа қосылдым. Жаңа ғана Талғатпен (Тайлером) сөйлестім. Ол маған ата-анамды табу үшін осы топты пайдалануға кеңес берді. 2000 жылы мені Қазақстандағы Тараз қаласында америкалық отбасы асырап алды. Ол кезде бала едім. Мен 1999 жылы қыркүйекте дүниеге келдім. Маған ата-анамды тауып беруге көмектесіңіздерші! Менде бірнеше деректер бар, қайсынан бастарын білмеймін…

Менің (асырып алғанға дейінгі — автор) есімім — Сардар Бекнұрұлы Баймаханов, анамның есімі — Эльмира Қалмаханбетқызы, әкемнің есімі — Бекнұр Баймаханов», — деп жазды ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *