Қазақстандық 7 судья істі қарағанда заңды өрескел бұзған

Қазақстандық 7 судья істі қарағанда заңды өрескел бұзған

Фото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kz

Қазақстанда Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасы отырысының қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жазаға тартылды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«2020 жылғы 23 шілдеде Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот алқаласының отырысы өтті. Онда аудандық судьялар және оларға теңестірілген судьяларға қатысты бірқатар тәртіптік жазаға тарту ісі қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты келесі жазалар: 3 сөгіс, 4 ескерту тағайындалды», — делінген Жоғарғы сот алқасының хабарламасында.

Судьяларға мұндай жаза тағайындауға сот істерін қарау барысында заңнаманы өрескел бұзу себеп болғаны айтылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *