Қоршаған ортаны ластағаны үшін жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 8 қоғамдық автокөлік жүргізушілері жауапқа тартылды
2018 жылдың 3-9 желтоқсан аралығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлікте апаттылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты жол қозғалысы ережелеріндегі құқықбұзушылықтарды алдын алуға, автобустарды пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктерден шығарылған қалдықтарда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кетпеуін, қазіргі таңда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған жұмыстар іске асырылып, тиісті хаттамалар толтырылды. Ұдайы өткізілетін іс-шара оң нәтижелерін беруде. Іс-шара барысында жалпы 571 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
— ӘҚБтҚ-нің 334-бабы (қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 8;
— ӘҚБтҚ-нің 571-бабы 2-бөлігі және 3-бөлігі (жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) – 18;
— ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 18;
— ӘҚБтҚ-нің 591-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 33;
— ӘҚБтҚ-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 66;
— ӘҚБтҚ-нің 595-бабы (басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу) – 21;
— ӘҚБтҚ-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 5;
— Көлік құралдарын пайдалануға тиым салу (айыптұраққа қою) – 5;
-Автобустық парктердің лауазымды тұлғаларына қолданған әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілік саны – 4.
Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі