ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 10 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 10 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Елімізде коронавирус инфекциясымен және пневмония дертімен күрес қарқынды түрде жүріп жатыр. Мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек тапшылығын жою бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл істен түрлі қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер де тыс қалмай, қайырымдылық көрсетуде.
Сондай қайырымды жандардың бірі «A+A Idea Fabric” компаниясы басшысы Айнұр Көпбасарованың демеушілігімен Төлеби ауданына 10 дана оттегі концентраторы жеткізілді. Аталған арнайы құрылғылар Төлеби аудандық ауруханасына табысталды. Қайырымды істің жүзеге асуына ұйытқы болған жандардың бірі журналист, қоғам белсендісі Асхат Садырбайдың айтуынша бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Осы орайда аудандық аурухана ұжымы ізгілікті іс жасаған қолдаушылар мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі